Мұсабек Байзақұлы (Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл)

 Мұсабек Байзақұлы (Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл)

Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл
Патшадай -малды кісі, кедейлер-құл.
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл.
Мал керек қожаға да, төреге де,
Малсызды «опат» дейді кенегеде.
«Опат» деп ойласаңдар өлгенді айтар,
Қор болды кедей сорлы мұнша неге?
Түзетіп бай салады ақтан сарай,
Кепені кедей қылар басқа пана-ай.
Ұстыны екі әлемнің ақтық құлы,
Мұхамет Қадишаға тұрған малай!
Суытып жалды ат керек жарысқалы,
Әр іске дүние керек алысқалы.
Қайран ер, жоқшылығын арман қыпты,
Алланың Әлішері арыстаны.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру