Мұсабек Байзақұлы (Сайлау деген елге бір бүлік болды)
Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне,
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғұс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырлай қамшы кесті шабандап жүр.
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Ата- бала, ағадан- іні кетіп.
Бала қораз секілді не мырзалар,
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне,
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғұс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырлай қамшы кесті шабандап жүр.
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Ата- бала, ағадан- іні кетіп.
Бала қораз секілді не мырзалар,
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұсабек байзақұлы Сайлау деген елге бір бүлік болды өлең стихи на казахском мусабек байзаков казакша олен, мұсабек байзақұлы өлеңдері, стихи на казахском языке мусабек байзаков, мусабек байзаков олендери, Молда Мұса Байзақұлы, Сайлау деген елге бір бүлік болды