Ерлан Жүніс (Оянған)
Сағатың, сағатың соғарда,
Уақытқа, тарихқа, заманға,
Әлемге, қоғамға, адамға,
Оған да, маған да
Сен қарсы жүресің,
білесің –
бұл сенің ғұмырлық үлесің!
Ғұмырлық үлесің: тоқтатпау –
Өмір мен Өлімнің күресін...
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
Сен қарсы жүресің, білесің:
Өзіңді тапқанша бір күні!..
Өзіңмен бетпе-бет келгенше,
Өзіңді жүзбе жүз көргенше,
Өзіңді майданда жеңгенше,
Өзіңді өзің кеп көмгенше!
Уақытқа, тарихқа, заманға,
Әлемге, қоғамға, адамға,
Оған да, маған да
Сен қарсы жүресің,
білесің –
бұл сенің ғұмырлық үлесің!
Ғұмырлық үлесің: тоқтатпау –
Өмір мен Өлімнің күресін...
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
Сен қарсы жүресің, білесің:
Өзіңді тапқанша бір күні!..
Өзіңмен бетпе-бет келгенше,
Өзіңді жүзбе жүз көргенше,
Өзіңді майданда жеңгенше,
Өзіңді өзің кеп көмгенше!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ерлан жүніс Оянған өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Оянған