Ерлан Жүніс (Менің жолым)

 Ерлан Жүніс (Менің жолым)

Мойнына бұршақ сап тілеген даланың тұңғышы,
Мен емес шығармын,
Киелі қандағы қасиетті өрліктің үлгісі,
Мен емес шығармын,
Ұлы түз, о, сен деп ұлыған бөріде абадан,
Мен емес шығармын,
Қазан ат – қан кешкен ғасырдың өтінде жараған,
Мен емес шығармын,
Тәңір көк еркесі – қыранның шаңқылдақ жалғызы,
Мен емес шығармын.
Алаулап атқан таң шапағы жүректей алқызыл,
Мен емес шығармын.
Білмеймін,
Бұл кәрі далалық тәкаппар жас халық
Менен не күтеді?!.
Білерім:
Мен үшін барлық жол қазақтан басталып,
Қазақпен бітеді!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пікірлер 1
  1. Оқырман Гулназ
    Оқырман Гулназ 08.04.2021 15:37
    1 + 0 -
    Идеясы қандай? Менің жоылм өлеңінің?
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]