Естеу Нүсіпбеков (Қорыну)
Айтарымды айтқыштар айтты ғой деп,
Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп.
Ер мен жүген сыпырып бесті атымды,
Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп.
Менің есем, несібем кеміп кепті.
Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті.
Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп,
Қосақталу көгенге тұсақтық деп.
Қойдай қоңыр болғанды жан ұнатып,
Дәметпеуші ем ешкімнен құшақ, құрмет.
Тізімінен түсіппін тойшылдардың,
Қатарынан күсіппін ойшылдардың.
Әлдекімнің таланын артық санап,
Әлдекімнің дарынын асық санап,
Жабығушы ем тізгінді тартып ұстап,
Бәйгі төбе сөресін қашық санап.
Аямаппын басқаға артық баға,
Қоя саппын өзіме тартық баға.
Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп.
Ер мен жүген сыпырып бесті атымды,
Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп.
Менің есем, несібем кеміп кепті.
Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті.
Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп,
Қосақталу көгенге тұсақтық деп.
Қойдай қоңыр болғанды жан ұнатып,
Дәметпеуші ем ешкімнен құшақ, құрмет.
Тізімінен түсіппін тойшылдардың,
Қатарынан күсіппін ойшылдардың.
Әлдекімнің таланын артық санап,
Әлдекімнің дарынын асық санап,
Жабығушы ем тізгінді тартып ұстап,
Бәйгі төбе сөресін қашық санап.
Аямаппын басқаға артық баға,
Қоя саппын өзіме тартық баға.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: естеу нүсіпбеков Қорыну өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков, Қорыну