file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Естеу Нүсіпбеков (Әлди, әлди, ақ бөпе)

 Естеу Нүсіпбеков (Әлди, әлди, ақ бөпе)

Әлди, әлди, ақ бөпе,
Ақ бесікке жат бөпе.
Әжелерің мерейін
Тасыт, көңлін тап, бөпе.
Ақ құндағың тұйықта,
Үйрен сағат санап,
Анаң қолын ұйытпа.

Ақ тілекті жамиға
Ағытса тілек ари ма?!
Аман өскін бал бөбек
Ақ нәресте Зарина.
Құтты болсын бесігің,
Құтты болсын есігің.
Балбыратып бойыңды,
Балдай батсын несібің.

Әлди, әлди, ақ қызым,
Жанға шырақ жақ қызым.
Құйма құлақ боп өсіп
Сырға, моншақ тақ қызым.
Шаң жуытпа бойыңа,
Қанат бітір ойыңа.
Сау-саламат ер жетіп,
Шақырып жүр тойыңа.

Әлди, әлди, сәбиім,
Кеп те қапты әниің,
Көк көзіңе сәп салып,
Әниіңді таниын.
Ойын-күлкі өрті бол,
Гүлшираға ән-күй бол,
Домбырада шертілер
От басының көркі бол.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру