Естеу Нүсіпбеков (Кие де, қасиет те бар бойымда)
Кие де, қасиет те бар бойымда.
Бақытым кере қарыс маңдайымда.
Екі елде еңбек еттім, білім жидым,
Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда.
Ешкімнен ырысым кем жаралмаған.
Жерім жоқ кем болам деп алаңдаған.
Бақыт пен байлықты да сол деп білдім:
Нан дәмді – тапқан термен тарамдаған.
Аспадым, асып-тассам ерікті едім.
Желбуаз сезімдерге желікпедім.
Иландым кеудемді – әмір, патша тұттым,
Өз дітім болды иманым – көріп келім.
Көп болды қол байлауым – теңдегенім.
Көп болды сенгенімнен сенбегенім.
Кінәлі менен өзге ешкім де емес,
Кем болса өлең және өзгелерім.
Бақытым кере қарыс маңдайымда.
Екі елде еңбек еттім, білім жидым,
Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда.
Ешкімнен ырысым кем жаралмаған.
Жерім жоқ кем болам деп алаңдаған.
Бақыт пен байлықты да сол деп білдім:
Нан дәмді – тапқан термен тарамдаған.
Аспадым, асып-тассам ерікті едім.
Желбуаз сезімдерге желікпедім.
Иландым кеудемді – әмір, патша тұттым,
Өз дітім болды иманым – көріп келім.
Көп болды қол байлауым – теңдегенім.
Көп болды сенгенімнен сенбегенім.
Кінәлі менен өзге ешкім де емес,
Кем болса өлең және өзгелерім.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: естеу нүсіпбеков Кие де қасиет те бар бойымда өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков, Кие де қасиет те бар бойымда