file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мағжан Жұмабаев (Өнер-білім қайтсе табылар)

 Мағжан Жұмабаев (Өнер-білім қайтсе табылар)

Ер жігіт өнер табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай, белін буса,
ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,
Періште боп анадан қайта туса!
Жақын туған, бауыр деп айналмаса,
Қатын-сатын дегенге байланбаса,
Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш,
Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса.
Дүниенің қайғысынан зарланбаса,
Көз қысып күлгеніне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөліп
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.
Өсектен ат-тонымен алыс қашса,
Естісе, ұялғаннан бетін басса,
Жамандық - аты өшкірге жақын жүрмей,
Аяғын күндік жерден байқап баса.
Өзінен басқа жанды кем көрмесе,
Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе,
Табылмас аузына су тамызушы,
Өзінің тар етігін кең көрмесе!
Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе,
Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе.
Естіген сөз, көргенді бос тастамай,
Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе.
Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын
Ұжмақта хорлар тіккен қос деп білсе.
Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе,
Өнер-білім - қарны ашқа ас деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін бас деп білсе.
Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,
Басқаға мойын бұрса, көз салмаса -
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру