Мағжан Жұмабаев (Жер жүзін топан басса екен)

Жер жүзін топан басса екен!
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен!
Басса екен топан жер жүзін!
Жапса екен көбік күн көзін!
Жанды, жансыз жоқ болып,
Қалсам жалғыз бір өзім!
Жан иесі тұншықса!
Үн иесі үн шықса!
Қараңғы жердің көгіне
Күн болып сонда мен шықсам!
Қандай ойын салар ем!
Жалынмен бәрін жалар ем!
Екі-шексіз дүниеде
Жалғыз өзім қалар ем!
Заулаған от - жалғыз жан,
Жер мінезді жоқ адам.
Заулап тұрған отымнан
Жаратар ем жаңа адам.
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен!
Басса екен топан жер жүзін!
Жапса екен көбік күн көзін!
Жанды, жансыз жоқ болып,
Қалсам жалғыз бір өзім!
Жан иесі тұншықса!
Үн иесі үн шықса!
Қараңғы жердің көгіне
Күн болып сонда мен шықсам!
Қандай ойын салар ем!
Жалынмен бәрін жалар ем!
Екі-шексіз дүниеде
Жалғыз өзім қалар ем!
Заулаған от - жалғыз жан,
Жер мінезді жоқ адам.
Заулап тұрған отымнан
Жаратар ем жаңа адам.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Жер жүзін топан басса екен өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Жер жүзін топан басса екен