Балалық шағы - Мағжан Жұмабаев

Балалық шағы - Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаевтың Балалық шақ туралы өлеңі

Балалық шағы -
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Білімсіз - есек,
Опасыз десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма, қарағым,
Даяр болсын жарағың!
Білген жан - көсем!
Сөйлесе - шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені - өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі - ем,
Мейірімі көп, етек - кең!
Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
«Пәлі!» деп қарсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса - сыйымды,
Білімі - мал, бұйым-ды!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Інжу
    Інжу 19.01.2021 21:49
    1 + 1 -
    Өте керемет ?? маған қатты ұнады супер???
  2. Үшкемпір сымбат
    3 + 0 -
    Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында туғанмын.4а сыныпта оқимын
  3. Оқымысты айтты
    Оқымысты айтты 19.10.2020 16:57
    1 + 2 -
    Өте керемет екен маған қатты ұнады

Ілмектер: мағжан жұмабаев Балалық шағы өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, мағжан жұмабаев Балалық шақ өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев Балалық шақ, балалық шақ туралы өлең, өлең, олен, магжан жумабаев, балалык шак, балалык шагы