Жанкелді Немеребай (Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым)
Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым.
Аңсап,аңсап ақыл-естен ауыстым.
Ғұмыр бойы қол созып,
Көз жетпейтін қиянға,
Сөз жетпейтін қиялға,
Бір арманнан адасып,
Бір арманмен қауыштым.
Жабығып,жабығып жабырқаулы күй кештім,
Зарығып,зарығып қайғы-мұңмен үйлестім.
Тұлабойым толған бір,
Сезім дейтін бал-тұғын,
Нәрін,бәрін сарқыдым.
Бұл арманды жалт еткен,
Ол армандай сүймеспін.
Жылатып,жұбатып шыңдады өмір көп мені,
Гүл атып,қуантып сарғайды көңіл көктемі.
Бәлкім дұрыс та шығар,
Түнемей де,түстенбей,
Құдіреті күш бермей,
Арман болған ақ арман,
Бағындырмай кеткені...
Аңсап,аңсап ақыл-естен ауыстым.
Ғұмыр бойы қол созып,
Көз жетпейтін қиянға,
Сөз жетпейтін қиялға,
Бір арманнан адасып,
Бір арманмен қауыштым.
Жабығып,жабығып жабырқаулы күй кештім,
Зарығып,зарығып қайғы-мұңмен үйлестім.
Тұлабойым толған бір,
Сезім дейтін бал-тұғын,
Нәрін,бәрін сарқыдым.
Бұл арманды жалт еткен,
Ол армандай сүймеспін.
Жылатып,жұбатып шыңдады өмір көп мені,
Гүл атып,қуантып сарғайды көңіл көктемі.
Бәлкім дұрыс та шығар,
Түнемей де,түстенбей,
Құдіреті күш бермей,
Арман болған ақ арман,
Бағындырмай кеткені...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Жанкелді Немеребай сағынып сағынышты тауыстым өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, сағынып сағынышты тауыстым