Қалқаман Сарин (Кешіккен құстар)
Қанатын керіп, ағылып белден,
Әуелеп ұшқан жоғары.
Мекенін аңсап, сағынып келген,
Бірақ та құстар жоқ әлі.
Келмей тұр, сірә, бабына көктем,
Күткенім неге кешікті?
Қалды ма деймін жағына кеткен,
Ұялап басқа бесікті?!
Қия алмай кеше кеткенмен мүлде,
Мекенін мынау қаншалық.
Келетін құстар көктеммен бірге,
Әсем бір сазды ән салып.
Айдынын аңсап қайтарын білем,
Қатарын бұзбай бір келер.
Тәтті үнге толып байтағым кілең,
Көк аспан әлі-ақ түрленер!
Әуелеп ұшқан жоғары.
Мекенін аңсап, сағынып келген,
Бірақ та құстар жоқ әлі.
Келмей тұр, сірә, бабына көктем,
Күткенім неге кешікті?
Қалды ма деймін жағына кеткен,
Ұялап басқа бесікті?!
Қия алмай кеше кеткенмен мүлде,
Мекенін мынау қаншалық.
Келетін құстар көктеммен бірге,
Әсем бір сазды ән салып.
Айдынын аңсап қайтарын білем,
Қатарын бұзбай бір келер.
Тәтті үнге толып байтағым кілең,
Көк аспан әлі-ақ түрленер!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: құстар туралы өлең жолдары, құстар туралы өлең шумақтары, қалқаман сарин Кешіккен құстар өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин