file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жанкелді Немеребай (Сен жайлы соңғы жыр)

 Жанкелді Немеребай (Сен жайлы соңғы жыр)

Сезімнің біле алмай бағасын,
Талайлар жүр оны саудалап.
Дәл саған жоқ менің таласым,
Жүрген көп мені де қаумалап.
Тәкаппар жаралсақ сен де мен,
Жөн дер ем, кеткенді иілмей.
Алайда дос сезім кемде-кем,
Сыр айтып шешілген түйіндей.
Достықтан туған бұл махаббат,
Биікте қалса екен деп едім.
Өлеңім бейне бір аппарат,
Естелік қыларсың керегін.
Ақылды ару қыз сен едің,
Оны да біледі көп пенде.
Мен сені айға да теңедім,
Жүректен жырымды төккенде.
Шын сүйген ғашықтар өмірде,
Қосылмай кеткені бәрі аңыз.
Алшақтау болғаны өңірде,
Дұрыс па деп жүрдім арамыз.
Сенбедім мен бұлай ертеңге,
Себебі ойымда мол күдік.
Сен жайлы соңғы жыр-серт елге,
Соңғы жыр - таусылған соңғы үміт.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру