file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әбубәкір Қайран (Ат пен ару)

 Әбубәкір Қайран (Ат пен ару)

Атқа мініп,
Аңыратып,
Ауыл кезген қандай бір.
Самды өзің жамыратып,
Жұлдыз болып самғай біл.
Арқыраса
Жарау бура санды айғыр,
Жарқыраса
Терезеден
Күндей күліп маңдай бір -­-
Паһ, паһ, шіркін,
Тумас екен қандай жыр!
Сұлу маңдай
Сұқтандырып
Тарта берсе көңілді.
Бой қыздырып,
Іш жандырып,
Аштырса екен өңірді.
Көптен кейін
Көйлек киіп көгілдір,
Әлгі сұлу үйден шықса,
Паһ, паһ, шіркін, өмір -­- бұл!
Ат оттатып,
Аулақтарға
Көгал қуып қайтса бір.
Сонан кейін бау-бақтарда
Қол ұстасып айтса жыр.
Жас сұлуды сүйгің келіп,
Именіп -­-
Тұрсаң қандай
Минутта мың күйге еніп.
Аппақ таңда
Аттандырып,
Ат үстіне мінгізіп,
Ару қайтса шаттандырып,
Көзінен сыр білгізіп.
Асау айғыр арқыраса астыңда,
Шалқып аса
Қойып кетсең
Таңғы сағым тасқынға,
Бұдан басқа керегі не бақтың да…
Сол бір күндер еске түссе,
Батып кетем ақ мұңға.
Ат пен ару,
Сендерсіңдер -­-
Жарым дағы жақсым да!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру