Әбубәкір Қайран (Ауыл оттары)
Ауыл қандай,
Ауылдағы мал қандай,
Малшы үні құлағыңды жарғандай.
Бабасына бір сыйынып Қамбардай
Зулайды аты,
Қарап құшыр қанғандай.
Ойсыл Қара жарықтықтар
Заңғардай.
Теңселеді тым зиялы жандардай,
Бүған сірә, тұра алмассың таңданбай.
Ауыл қандай,
Ауылдағы жұрт қандай!
Сенің ғана намысыңды жыртқандай.
Айраны мен езген малта-құрттардай–
Сусын берсе,
Түбін төңкер,
Жұт қанбай.
Тойып ал да, торыға мін қомданып,
Зула, зула,
Қыран болып ұшқандай.
Орал кешке тақым талып,
түс қалмай.
Жатып қалмай,
Жәудір көзді қыздарды
Қуалап кет бүгін қайтсең ұстардай.
Ауыл қандай,
Ауылдағы дос қандай!
Екпінінен Ебі желі соққалдай.
«Ой, бәле-ай» деп,
Иығыңнан қаққанда,
Жүдырығы тисе бәлем шоқпардай,
Тұра алмассың құшырланып оқтанбай.
Жүрегіңе жүз батпан күш қосқандай
От бар ма екен ауылдағы оттардай!
Ауылдағы мал қандай,
Малшы үні құлағыңды жарғандай.
Бабасына бір сыйынып Қамбардай
Зулайды аты,
Қарап құшыр қанғандай.
Ойсыл Қара жарықтықтар
Заңғардай.
Теңселеді тым зиялы жандардай,
Бүған сірә, тұра алмассың таңданбай.
Ауыл қандай,
Ауылдағы жұрт қандай!
Сенің ғана намысыңды жыртқандай.
Айраны мен езген малта-құрттардай–
Сусын берсе,
Түбін төңкер,
Жұт қанбай.
Тойып ал да, торыға мін қомданып,
Зула, зула,
Қыран болып ұшқандай.
Орал кешке тақым талып,
түс қалмай.
Жатып қалмай,
Жәудір көзді қыздарды
Қуалап кет бүгін қайтсең ұстардай.
Ауыл қандай,
Ауылдағы дос қандай!
Екпінінен Ебі желі соққалдай.
«Ой, бәле-ай» деп,
Иығыңнан қаққанда,
Жүдырығы тисе бәлем шоқпардай,
Тұра алмассың құшырланып оқтанбай.
Жүрегіңе жүз батпан күш қосқандай
От бар ма екен ауылдағы оттардай!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ауыл туралы өлеңдер, ауыл туралы өлең жолдары шумақтары, абубакир кайран Ауыл оттары Әбубәкір Қайран өлең олен стихи на казахском, Әбубәкір Қайран өлең, олен стихи на казахском Әбубәкір Қайран өлең өлеңдер, абубакир кайран олен өлең стихи на казахском