Әттең, шіркін қыздар-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Әттең шіркін қыздар-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аттен ширкин кыздар-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әттең шіркін қыздар-ай