file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Естеу Нүсіпбеков (Ауылдағы ақынмын, алыстағы)

 Естеу Нүсіпбеков (Ауылдағы ақынмын, алыстағы)

Ауылдағы ақынмын, алыстағы,
Арыстандай ақырған қамыстағы.
Бірі білсе, біреуі білмейді әлі,
Азулылар, жүйріктер жарыстағы.

Атағы жоқ ақынмын қатардағы,
Таусылмаған талқаны, татар дәмі.
Арғы-бергі екі елде иір-шиыр,
Қилы кезең, тар өткел – сапарлары.

Тоқтарханша айтқанда: “Естеу ақын,
Еңбегі еш, тұзы сор кештеу ақын.
Қиянатқа, мың құбыл аярлыққа
Жалтармайтын жаны қас, өштеу ақын”.

Сырт көрмеге ұяңмын, сөзім жұмсақ,
Көндірердей ырқына әркім жұмсап.
Бойлатпаймын ешкімді жан түбіме,
Шүңеттерім иірімі тұма-құмсақ.

Әлдекімше асығып апырымдап,
Былғаған еш жерім жоқ тақымын дақ.
Ат ерттеймін әр таңда сабырыммен,
Айыл-тырман түгендеп ақырындап.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру