Мағжан Жұмабаев (Мысық пен ет)
Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді,
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: «Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!»
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне- өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: «Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!»
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне- өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Мысық пен ет өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Мысық пен ет