Қасым Аманжолов (Қарағанды)

Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қасым Аманжолов Қарағанды өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем, Қасым Аманжолов өлең