Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің құрбыжан?..)

 Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің құрбыжан?..)

Сен әлі серіксіз бе едің,
Серіксіз бе едің,
Құрбыжан?
Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.
Жападан-жалғыз,
Жауатын күндей тұнжырап,
Жүресің, құрбым,
He істеймін саған?
Қынжылам.
Жаңа жарылған,
Жауқазын едің көктемде
Жылысып жазың өткен бе?
Лапылдап тұрған,
Жалын едің ғой өрт-кеуде,
Тәйір алғырлар,
Танымай сені кеткен бе?!
Өмірде мына,
Тап болар талай тосын жай,
Өмір - өмір ғой,
Өмірдің заңы осындай.
Бірі -Батыста,
Бірі -Шығыста,
Жарқ етіп, сөнген жасындай,
Өтуі мүмкін, жақсы мен жақсы қосылмай

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру