Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)

Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.
Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.
Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.
Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.
Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.
Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.
Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем, Қасым Аманжолов өлең, Күндей шалқып күлгенің, қасым аманжолов Күндей шалқып күлгенің өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери