file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Заманға наз

 Заманға наз

Жақсы ақын дейді көзі жоқ Мұқағалиды,
Шерменде жүрек ,өткенді ойлап налиды,
Заманым мынау,адамың анау құбыжық,
Атадан қалған бейітке төбет сариды.

Абайдың сөзі оқылмай жатыр әліде,
Кінәлі заман дейміз ғой біздер бәріне,
Заманға қарап оянбай қалар санамыз,
Кешікпей енді тігейік көзді әріге.

Қазағым деді Шәкәрім, Абай, Мұхтарда,
Бастаған көшті елі ғой солар жүкті арба,
Жөн сілтеп кеткен солардың рухы дей алам,
Жол салған айға қазақтың ұлы Тоқтарда

Өлгеннен соң теңеп жүрміз асылдарға,
Кінә тағып,сырғып өткен ғасырларға,
Жырын оқып,құрмет көрсет тым болмаса,
Жырлап өткен,жел маядай ақындарға.

Шын мықтыны көзі барда бағалайық,
Осал өңшең еріккенге санамайық,
Жақсының жақсысын айт нұры тассын,
Тектілерден төл тарихты тағалайық.

Кешегі өткен саңлақтар,елді жырлап,
Қазағымның басына болды бір бақ,
Тілім,дінім,жерім деп жаны шығып,
Көкейдегі кетпедіме шерді тырнап!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру