file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қиын заман

 Қиын заман

Қазір заман қиын заман бәріне
дағдарыспен арпалысқан бәріде,
бұрын соңды көрмедік қой бұндайды
уайымсыз жүрдік қой біз өмірде.

Қазіргінің азып кеткен адамдарды
барма ішінде шаны ашыр адалдары,
қатігез бе айуанға айналған ба
тәрбиесі заманның ол бірі тағы.

Автобуста жастарың жүр орын бермей
қарияны сыйламайды көзге ілмей,
көріп тұрып көрмегендей отырады
қалтасына салып қойып ар ұйатты білмегендей.

Жалақымыз тағы біздің көбеймейді
киімің мен тамағыңа ол жетпейді,
қырық мың мен елудің арасында
жасын сүртіп теңгеміз кемсеңдейді.

Байлығы мол еліміздің жеріміздің
сол байлыққа қолы жетпей елім менің,
тонналатып кетіп жатыр шет ел асып
қазағым жүр жыртық киіп жырым жырым.

Әр адамның ілініп жүр мойынында
несиесі ұйықтап тұрса ол ойында,
толей алмай қанша адам қыйналып жүр
жанын қыйып кеткендер бар жаман ойға.

Байларың жүр баршылыққа тойынып
кедейің жүр жоқшылыққа мойынып,
біреуге бар біреуге жок бұл заман
бар менен жоқ бірге жүрет құйғытып.

Молшылықты қашан біздер көреміз
қарынымыз тойып қашан ішеміз,
ай білмеймін өтіп кеттау мол заман
не жазса да бірге бәрін көреміз.

Шындық жазып шырылдаған ақындар
жазам десең сенің тағы құқың бар,
қанша жазып кімге барып айтсаңда
бәрі бекер елеусіз болып ол қалар.

Риннаттай ақын жігіт ер жүректі
жасымайды шындық жазып қаншаретті,
қазағымның маңдайына туған ақын
халқы үшін төтеп берген қос жүректі

Заманымыз қашан біздің түзетілді
халқым менің шалқып қашан ол жүреді,
Алла жазса бәрі жақсы болады деп
қазағымның үміттері ешқашанда үзілмепті.

Тілейік біз жалбарынып Алладан
молшылық пен бейбітшілік ол заман,
осы күнге шүкіршілік жасайық
білмейміз ғой осы заман тағы бізге не жазған!!!

Ерік Еренғазыұлы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру