Туған жерге тарту


Мен әркез қара өлеңді ақтарамын,

Уа, Алла жансын деймін бақ-талабым.

Әр адамның алтын ұя бесігі бар,

Мен де, өз бесігіммен мақтанамын.

 

Өткен іске қарасам жарқын бұлшақ,

Өлеңге қалды мекен халқым сусап.

Кіл мықтымен шын мықтыны тудырған ел,

Сыр елі шыныменде-Алтын құрсақ

 

Қызылордам

Өзің едің Қорқыттың үні болған.

Алғашқы Астанамыз Ақордамсың,

Өзіңе жаратқанның нұры қонған.

Құт мекенсің  анасың Алашыма,

Несібелі болсыншы бүгін олжаң.

 

Тәуелсіз Қазақстан болған кезде,

Атандың алғаш рет Ұлы қорған.

Ақ күрішің әлемге азық болып,

Ақындардың талай рет жыры болған.

Уа Алла сырдың жасын ұзақ қылып,

Өзіңеде екі ғасыр жүзі болған.

 

Қатал жырдан,

Шыға берсін әрқашан сәт алдыңнан.

Ғарышқа алтын көпір салып бердің,

Жоғарыда орналасып қатар тұрған.

Көк туды ғарышқада тігіп қойып,

Ол жақтыда бағындырып шақар қылған.

Қойшы болған қазағымды бірақ сәтте,

Сыр елімғой Ғарышкер атандырған

 

Елге барам,

Елімді өлең сөзбен тербеп алам.

Анашым екі жүз бірге толып жатсың

Жиырма жаста, Арқаның төсіндегі кенже балаң

 

Алдарыңда шырқалсын жасын жырым,

Қаратаудың көрсең ғой тасын құмын.

Қаратаудың қойнауы тұнған байлық,

Бір адамға қонғандай ғасыр білім .

Кеніміз бар қазақтың  мың байлығы,

Байытқан қазағымның асыл күнім.

Талдысудың ауасына тамсанасың,

Көрсең ғой орман, тауын,жасыл нуын.

Елбасымыз тамсанған тамашалап,

Топырағының білген екен асылдығын.

 

 

Келемін қадамымды адал аттап,

Қояйын мекенімді марапаттап .

Талай жан ем іздеген аруына,

Дауа болып ем болған қара батпақ.

 

Бізді құдай ән жырдан айырмады,

Бексұлтанның сансыз ән ғой қайырғаны.

Кешегі өткен Адырбек, Нұрбергендер,

Барлығы өнерімнің бай ұлдары.

Қазыбектің бір қалжыңы не тұрады,

Айтып кеткен әйелдер жайындағы.

Кешегі елдің мұңын жырлап өткен,

Манаптай нартұлғалы шайырлары.

 

Барып көрдім қыстауы жайлауына,

Асады екен қарасаң пайдалыға.

Осының барлығын сыйдырған ел.

201 жыл бойы қойнауына.

 

Айнұр Сәбитқызы  


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу