Туған жермен сырласу


Жүрегім соғар,екпіндеп биік екпіндеп,
Жіберер шақта жанымды тежеп текпін жеп
Далаға шығып, аңырап ұзақ қараймын
Туған жер жонын аралап бірақ кеткім кеп

Пенделік мені текпіге алып, көп күн деп
Жетпеген жерге жеделдеп басам жеткім кеп
Жұртымды аңсап, кей-кейде жүдеп жадаймын
Қорқытқа барып арманды таусып өткім кеп.

Армысың елім, Сыр елі жұрты армысың!
Қиында қолдар перзенттің мынау халқысың
Анасы жырдың, күй елінің атасы,
Армысың шайыр күміс көмей нар мүсін!

Емізіп төлін, мауығын басқан анадай,
Күндіз де түні ағасыңдағы бір тынбай,
Сыр суым менің шынтақтап қалай жатырсың
Жамбастап жердің жартысын алып япырмай?!

Алыстан сәлем береді құзар бастарың,
Арманым болып тұрады кербез аспаның
Ақ бұлттарменен ғарышпенен тілдескен,
Армысың айлақ Байқоңыр ұлы асқарым!

Жанымның таңы Қармақшы жердің жәннәті
Шалғайға шықсам, аңсаймын сені тым қатты
Ат арылтып, келгенде құрақ ұшатын
Туған жерім жеңешемдей сымбатты.

Өмір-өмір зымырайсың қас-қағым,
Жаңғырады талып барып,тасқа әнім,
Созып-созып, тіліп-тіліп тастаған
Тағдырым-ай шылғиындай таспаның

Мінез-мінез дәл өзінен аумаған,
Ауық-ауық шақырады шөл далам,
Ойларым-ай, Сыр суындай толқыған
Арманым-ай ақ бұлттарша аунаған,
Өмірім-ай қайда барып тұрақтамақ екенсің,
Зымырандай Байқоңырдан зулаған!

Нұрсұлтан ШАМГУНОВ



Пайдалы сілтемелер:


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу