Мұқағали Мақатаев (Армысың, аппағым)

Таныс өлке, таныс маң,
Тайға мініп жарысқан,
Қара жолдың шаңы ұшқан.
Біреулермен алысқан,
Біреулермен табысқан.
Сырнай тартқан қамыстан,
Таныс өлке, таныс маң.
Таныс толқын аунатқан,
Таныс сағым тау жақтан
Барады ағып аулаққа.
Жамыраған жас төлдің,
Үні естілген жан-жақтан.
Таныс ой да, қырат та,
Таныс тоғай, бұлақ та.
Таныс емес бірақта,
Таныс емес жас ұрпақ
Сауық құрған суатта.
Танысымды таппадым...
Ей, бейтаныс мақтаным,
Армысыңдар, аппағым,
Менің бала шақтарым!
Менің болашақтарым!
Тайға мініп жарысқан,
Қара жолдың шаңы ұшқан.
Біреулермен алысқан,
Біреулермен табысқан.
Сырнай тартқан қамыстан,
Таныс өлке, таныс маң.
Таныс толқын аунатқан,
Таныс сағым тау жақтан
Барады ағып аулаққа.
Жамыраған жас төлдің,
Үні естілген жан-жақтан.
Таныс ой да, қырат та,
Таныс тоғай, бұлақ та.
Таныс емес бірақта,
Таныс емес жас ұрпақ
Сауық құрған суатта.
Танысымды таппадым...
Ей, бейтаныс мақтаным,
Армысыңдар, аппағым,
Менің бала шақтарым!
Менің болашақтарым!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Армысың аппағым өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Армысың, аппағым, Армысың аппағым