file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Достарым

 Достарым

Достарым менің достарым
бармысың бәрің армысың,
бала кезден бірге өскен
сыныптас менің достарым.

Тоқсан төрттін көктемінен
Ақшәулінің мектебінен,
түлек болып ұштық біздер
орта білім мектебінен.

Жетпіс жеті түлектері
алып ұшты жүректері,
оқу оқып қала кезіп
оқтай ұшып үміттері.

Әр баланың мамандығы
жоқ қой кәсіп жамандығы,
нетсек тірлік қылып жүрміз
Алла берсе амандығы.

Ақшәулі мен Қарабұлақ
аралары жақын бірақ,
бір ауылдай болып кеткен
балалары ұйымшыл ақ.

Міне бүгін ертенде
өтіп жатыр өмірде,
алтын менің достарым
аман болшы бұл күнде.

Мынау қалған өмірде
сыр қалмасын көңілде,
кездесейік достарым
шаттық думан көңілде!!!

Ерік Еренғазыұлы
13.09.2018.ж.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру