Несіпбек Айтұлы (Қазағым)
Армысың, асыл жұртым, арман елім,
Тау асып, тасты басқан, тарлан елім!
Ту ұстап, тұлпар мінген бабалардың
Жұртында жұрнағы боп қалған елім!
Ноқтаны басыңдағы бақтай көріп,
Өзіңді күні кеше алдап едің.
Азуын айға білеп арыстандай,
Дариға, өтті-ау талай ардагерім!?
Қолына өз тізгінін алған, елім,
Жұлдызы маңдайдағы жанған, елім!
Шықсам да жердің бетін жүз айналып,
Тірегім сенен басқа бар ма менің?!
Барасың тілден безіп, діннен азып,
Жармасып құйрығына әр кеменің.
Кім үшін атқа қонды, отқа түсті,
Ойлашы, басы қайда Хан Кененің?!
Қазағым, сенің қамың ойлағаным,
Бұрқылдап тайқазандай қайнағаным.
Қасқырдай анталаған қазынаңа,
Көздері қанталайды айналаның.
Біріңді бірің шалып сүріндірсең,
Бұйырмас босағаңа байлағаның.
Көлденең көк аттыға жем боларсың,
Алдыңда бес ешкі боп айдағаның.
Сағымын қуа бермей айдаланың,
Жөн шығар тұңғиыққа бойлағаның.
Айрылып ата дәстүр, салт-санадан,
Аңдамай қара жерде тайғанадың.
Жоғалды қыздан ұят, ұлдан намыс,
Айтайын қасіретін қай баланың?
Ішіңді құрт жеген соң кімге керек,
Сыртыңды жылтыратып майлағаның?…
Тау асып, тасты басқан, тарлан елім!
Ту ұстап, тұлпар мінген бабалардың
Жұртында жұрнағы боп қалған елім!
Ноқтаны басыңдағы бақтай көріп,
Өзіңді күні кеше алдап едің.
Азуын айға білеп арыстандай,
Дариға, өтті-ау талай ардагерім!?
Қолына өз тізгінін алған, елім,
Жұлдызы маңдайдағы жанған, елім!
Шықсам да жердің бетін жүз айналып,
Тірегім сенен басқа бар ма менің?!
Барасың тілден безіп, діннен азып,
Жармасып құйрығына әр кеменің.
Кім үшін атқа қонды, отқа түсті,
Ойлашы, басы қайда Хан Кененің?!
Қазағым, сенің қамың ойлағаным,
Бұрқылдап тайқазандай қайнағаным.
Қасқырдай анталаған қазынаңа,
Көздері қанталайды айналаның.
Біріңді бірің шалып сүріндірсең,
Бұйырмас босағаңа байлағаның.
Көлденең көк аттыға жем боларсың,
Алдыңда бес ешкі боп айдағаның.
Сағымын қуа бермей айдаланың,
Жөн шығар тұңғиыққа бойлағаның.
Айрылып ата дәстүр, салт-санадан,
Аңдамай қара жерде тайғанадың.
Жоғалды қыздан ұят, ұлдан намыс,
Айтайын қасіретін қай баланың?
Ішіңді құрт жеген соң кімге керек,
Сыртыңды жылтыратып майлағаның?…
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: несипбек айтов Қазағым стихи на казахском языке несіпбек айтұлы өлең олен, несіпбек айтұлы өлеңдері, несіпбек айтұлының өлеңдері, стихи на казахском языке несипбек айтов, Қазағым, несіпбек айтұлы Қазағым