Естеу Нүсіпбеков (Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық)

 Естеу Нүсіпбеков (Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық)

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық,
Көрсем деймін сардарлық, санаттылық.
Албырттық пен аңғырттық ала қашпай,
Ұстасаң-ау табанды тағаттылық.

Күрестің бе?
Мықты ұста бір қалыптық.
Әпермейді абырой ұр да жықтық.
Астаспаса айла-әдіс ақылменен,
Қажмұқандық алыптық – құр халықтық.

Құр халықтық – оқыстық, жалаң төстік.
Әперсе де сыныпта жалаң бестік,
Түп түйіні: жекпе-жек, қалмақ, қырғыз,
Қарадүрсін мерт болу, қамалға өштік…

Оған саю – жарты ақыл, таяздығың,
Парасатта жайдақтық, саяздығың.
…Ашу, ыза ашынтып аз айттырса,
Байып, білім толтыртар ой аздығын…

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру