file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Естеу Нүсіпбеков (Үміт)

 Естеу Нүсіпбеков (Үміт)

Тұмшалаған тұман бар,
Әлемді кең көрсетпес.
Жол, жобаға күмән бар,
Ойын, дөңін өлшетпес.

Балсыз болмай, балды да,
Ылди, өр деп жатпайсың.
Қорғалақтап алдыға,
Нар тәукел аттайсың.

Машиналы, аттылар
Қастан зулап өтеді.
Діті берік қаттылар
Үрей сұқтап кетеді.

Сана сара, кеуде ояу,
Сонда-дағы қорқасың.
Ұстап бойды тоқ, жарау,
Топтан қалмай жортасың.

Кезек алып жел-желең,
Тұман түре айдар деп,
Бастайды үміт бел-белең,
Оңым, солым жайнар деп.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру