Естеу Нүсіпбеков (Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар)
Секілді сел сыпырған топты қойлар,
Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар.
Күйбеңі ошақ басы, от қасының
Қол байлап,
Жанбай сөнді отты ойлар.
Көлденең көк аттыда кете барды
Сыбаға маған тиер бақ-талайлар.
Ақ қағаз ғылым кенін кемірген күн
Азапты таңға айланды бақты байлар.
Қаңбақтай жел ұшырды із таптырмай,
Мағынасы аз жан шыжғырған шапқын айлар.
Тапталды табандарда шөжіп, сөніп,
Бір еңбек өрге сүйрер тапты ма айбар?!
Ой, қырда қайсы ісім бар жұрт өлшеген?
Бітпепті жел есер бір оңған айдар.
Айрылдым ақыр соңы денсаулықтан,
Күн жақын өмір — бесті атты байлар…
Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар.
Күйбеңі ошақ басы, от қасының
Қол байлап,
Жанбай сөнді отты ойлар.
Көлденең көк аттыда кете барды
Сыбаға маған тиер бақ-талайлар.
Ақ қағаз ғылым кенін кемірген күн
Азапты таңға айланды бақты байлар.
Қаңбақтай жел ұшырды із таптырмай,
Мағынасы аз жан шыжғырған шапқын айлар.
Тапталды табандарда шөжіп, сөніп,
Бір еңбек өрге сүйрер тапты ма айбар?!
Ой, қырда қайсы ісім бар жұрт өлшеген?
Бітпепті жел есер бір оңған айдар.
Айрылдым ақыр соңы денсаулықтан,
Күн жақын өмір — бесті атты байлар…
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: естеу нүсіпбеков Мазасыз өтті жылдар өтті айлар өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков