file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Cәбит Мұқанов (Тарихқа тұлға армия)

 Cәбит Мұқанов (Тарихқа тұлға армия)

Даусы октябрьдің саңқ еткенде,
Құлдық түн жиырылып жалп еткенде,
Құлпырып бостандықтың тоты таңы,
Алтын күн - коммунизм жарқ еткенде.
Жыртқыштар түн жорығын аңсағанда,
Бостандық көгін бұлт қоршағанда,
Даусы жердің жүзін тітірете
Лениннен болды бұйрық барша жанға.
Ол айтты: «Уа, еңбекті сүйген халық!
Қайратыңды намысқа өткір жанып,
Кек мылтығын ызамен тығыз оқтап,
Шық майданға, жігерден дабыл қағып!»
Ол айтты: «Халық демі - дауылды жел
Халықтан төгілген тер - дария сел.
Деміңмен жауыздықтың шаңын сілкіп,
Лебіңмен дүние кірін тазалап бер!»
Ұрандай шықты сонда жорыққа жұрт,
Сырылып екпінінен кектегі бұлт,
Тапталды табанында жыртқыш аңдар,
Жаншылды: жылан, шаян, бар қарақұрт.
Жарқ етті бұлт бүркенген таң құлашы,
Болмады бөгет алда тау қиясы,
Жорықта жеңіп шыққан халықтың бұл
Ардақты ұлы - Қызыл Армиясы!
Күш-қоры елдің орақ, балғасында,
Жасаған жұлдыздай боп күн қасында!
Шынықты жылдан жылға құрышталып,
Ленинизм дәуірі домнасында!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру