Cәбит Мұқанов (Жер айналған жалауым)
Жауын жауып,- жиектен бұлт түрілсе,
Құлпырып мың, бақтың балғын гүлінше,-
«Қемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.
Желігетін еді ақын қиялы да
«Көкті көрмей,- деп,- жерге мен сиям ба?
Көк лентасын көлбей ұшып, жер шарын
Орап түсем
Не бар екен жиһанда».
«Ақын қиял серігім гой, шіркін» деп,
Айтпайтын ем «ұшпайсын, сен іркіл» деп,
Қиял - Антей, жері - адам, Адамы
Ұшпай қиял ұмтылса да, іркілмек.
Қиял ұшып, мен жерде қап ере алмай,
Менсіз қиял өз күшіне сене алмай,
Жүруші еді арманда боп, жер шарын
Лента бойлап, ұшып көзбен көре алмай.
Коммунизм дәуірінде арманға
Жетпейтұғын біздіктерден жан бар ма?
Жоқ.
Қиял да жетті, міне, арманға
Чкаловпен Америкаға барғанда.
«Жер анасы, адам оның баласы»
«Мен де балаң» деуі - байдың жаласы.
Шын баласы жердің біздің большевик,
Ұл ма, жоқ па, міне, өзің қарашы:
Кім бар білген жерді біздей тарихта?
Бізден басқа жан полюске барып па?
Жоқ, барған жоқ, сүйген жердің полюсін
Барып көрген біздің ғана алыптар.
Қиындықты ер большевик жеңген соң,
Көру тұрсын, баса-көктеп кеудесін,
Адамзатқа жұмбақ болған полюстің
Түрді міне шұғылалы пердесін.
«Жаса, ұлым!- деді ана,- көп жаса!
Асырайын сені мен де анаша.
Таба білсең, ала білсең бойымда,
Менде байлық ұлан-асыр, тамаша!
Мен қартайдым, бетімде бар әжімім,
Демеймін мен бірақ әлі қажыдым.
Кажығам жоқ, жасартатын ұл болса,
Жасарғандай бойымда бар азығым.
«Өгей ұлдар жасартуға еріншек,
Жатып ішер, арамтамақ, еміншек.
Большевигім, жасарт мені, гүлденіп,
Болайын мен нұрлы жүзді келіншек!»
Өгей ұлға ананың бұл кінасы
Жалған емес, жанның сыры - расы,
Фашистердің бомбасынан қирады
Жер-ананың нелер асыл мұрасы -
Киратылды. Талай адам қырылды.
«Өлтірді,- деп,- талай сүйген ұлымды»
Фашистерге нәлет айтты жер-ана,
«Төлеттірем,- дейді,- ертең құнымды!»
Кұн әперер бар большевик батыры,
Фашистердің жақын заман ақыры.
Туған ұлдың еншісіне тиеді,
Жер-ана да, көктің көркем шатыры!
Қызылқұмын, мұз полюсін ананық
Аралауы батыр туған баланың,
Сүйген ана бетіндегі әжімін
Іздегені жадырату амалын.
Сөзсіз ертең құмға бақша егуі,
Сөзсіз ертең мұз теңіздің еруі,
Сөзсіз ертең қоймаларын жер ана
Мол сүтіне баласының бөгуі.
Жауын жауып жиектен бұлт түрілсе,
Құлпырып мың бақыттың балғын гүлінше,
«Кемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.
Маршруты Чкаловтың елестеп,
«Бұл біздіқ ту, «кемпірқосақ» емес.
Ақын қиял таласады менімен,
Менде ой жоқ, қиялменен егеспек.
Даусыз сөзге несіне мен таласам,
Жердің шарын қай жағынан орасам,
Көрінді «кемпірқосақ» сықылды
Біздің жалау, мен аспанға қарасам.
Құлпырып мың, бақтың балғын гүлінше,-
«Қемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.
Желігетін еді ақын қиялы да
«Көкті көрмей,- деп,- жерге мен сиям ба?
Көк лентасын көлбей ұшып, жер шарын
Орап түсем
Не бар екен жиһанда».
«Ақын қиял серігім гой, шіркін» деп,
Айтпайтын ем «ұшпайсын, сен іркіл» деп,
Қиял - Антей, жері - адам, Адамы
Ұшпай қиял ұмтылса да, іркілмек.
Қиял ұшып, мен жерде қап ере алмай,
Менсіз қиял өз күшіне сене алмай,
Жүруші еді арманда боп, жер шарын
Лента бойлап, ұшып көзбен көре алмай.
Коммунизм дәуірінде арманға
Жетпейтұғын біздіктерден жан бар ма?
Жоқ.
Қиял да жетті, міне, арманға
Чкаловпен Америкаға барғанда.
«Жер анасы, адам оның баласы»
«Мен де балаң» деуі - байдың жаласы.
Шын баласы жердің біздің большевик,
Ұл ма, жоқ па, міне, өзің қарашы:
Кім бар білген жерді біздей тарихта?
Бізден басқа жан полюске барып па?
Жоқ, барған жоқ, сүйген жердің полюсін
Барып көрген біздің ғана алыптар.
Қиындықты ер большевик жеңген соң,
Көру тұрсын, баса-көктеп кеудесін,
Адамзатқа жұмбақ болған полюстің
Түрді міне шұғылалы пердесін.
«Жаса, ұлым!- деді ана,- көп жаса!
Асырайын сені мен де анаша.
Таба білсең, ала білсең бойымда,
Менде байлық ұлан-асыр, тамаша!
Мен қартайдым, бетімде бар әжімім,
Демеймін мен бірақ әлі қажыдым.
Кажығам жоқ, жасартатын ұл болса,
Жасарғандай бойымда бар азығым.
«Өгей ұлдар жасартуға еріншек,
Жатып ішер, арамтамақ, еміншек.
Большевигім, жасарт мені, гүлденіп,
Болайын мен нұрлы жүзді келіншек!»
Өгей ұлға ананың бұл кінасы
Жалған емес, жанның сыры - расы,
Фашистердің бомбасынан қирады
Жер-ананың нелер асыл мұрасы -
Киратылды. Талай адам қырылды.
«Өлтірді,- деп,- талай сүйген ұлымды»
Фашистерге нәлет айтты жер-ана,
«Төлеттірем,- дейді,- ертең құнымды!»
Кұн әперер бар большевик батыры,
Фашистердің жақын заман ақыры.
Туған ұлдың еншісіне тиеді,
Жер-ана да, көктің көркем шатыры!
Қызылқұмын, мұз полюсін ананық
Аралауы батыр туған баланың,
Сүйген ана бетіндегі әжімін
Іздегені жадырату амалын.
Сөзсіз ертең құмға бақша егуі,
Сөзсіз ертең мұз теңіздің еруі,
Сөзсіз ертең қоймаларын жер ана
Мол сүтіне баласының бөгуі.
Жауын жауып жиектен бұлт түрілсе,
Құлпырып мың бақыттың балғын гүлінше,
«Кемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.
Маршруты Чкаловтың елестеп,
«Бұл біздіқ ту, «кемпірқосақ» емес.
Ақын қиял таласады менімен,
Менде ой жоқ, қиялменен егеспек.
Даусыз сөзге несіне мен таласам,
Жердің шарын қай жағынан орасам,
Көрінді «кемпірқосақ» сықылды
Біздің жалау, мен аспанға қарасам.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәбит мұқанов өлең Жер айналған жалауым олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке