Мұқағали Мақатаев (Жасыма көңіл!)

 Мұқағали Мақатаев (Жасыма көңіл!)

(І - НҰСҚА)

Жасыма, көңіл, жасыма!
Бақытқа басың кенелер!
Серік боп қиял қасыңа,
Жүлде алып, жүйткіп жөнелер!
Биікке ұшып шыңға өрле;
Көк бетін жүзіп, қалықта;

(ІІ - НҰСҚА)

Жасыма, көңілім, жасыма!
Іздегің саған не керек?
Әр гүлдің қонған басына
Секілденбе көбелек.
Қапаланба, қайғырма!
Біткен жоқ әлі бесігің.
Болашағың алдыңда,
Піскен жоқ әлі несібің.
Кез салып келер күндерге,
Хабаршы болғың халыққа.
Жасыма, көңіл, жасыма,
Сезімің бір күн оянар.
Өмірдің гауһар тасына,
Кіршіксіз денең боялар.
Кәрі тарих долданып,
Тербесе өмір бесігін.
Ашасың сен де колға алып,
Жаңа дүние есігін

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру