Cәбит Мұқанов (Майға сәлем)
Мың сәлем саған,
Мәңгі, жолдас Майым!
Сен жылда жас жігіт боп келген сайын,
Жер жібек, барқыт киіп,
Жасыл желек.
Бүркенеді үйеңкі, терек, қайың.
Басқаға қымбат, саған тегін, арзан,
Түрлі гүл: енжу, жақұт, лағыл, маржан
Үстіңде төгіледі, үкің бұлт,
Қалпағың күн.
Найзағай - қылыш - қазнаң.
Тұлғаң сұлу, денеңде қалың қайрат,
Бетіңде алма-қызыл қаның ойнап,
Кеудеңді кере жұтқан тұнық ауа
Таза, тұнық, жанға жәй балдай-қаймақ.
Суалтсаң бал сүтіңді бойың ие,
Сусындап бүкіл әлем талай жүйе,
Алмалар атқан таңдай ажарланып,
Жайнайды қызыл шоқтай піскен шие.
Кескінің, тұлғаң, тұрпат, сұлу сәнің
Ұнап бұлбұл шырқайды тәтті әнін.
Балық, бұқа, сәурік, қошқар, теке,
Кұрбақа...
Әнші еттің соның бәрін.
Солардан әлдеқайда әнім артық,
«Шығарсам ащы күйді түптен тартып.
Аққумен аспандағы ән қосамын»,
Желдей есіп, күлім көз күндей шалқып.
Бұлбұлдан өзгешелеу менің әнім,
Адам кешкен өткелдің шолып бәрін.
Желдей сырғып бүгінгі бөгеттерден,
Жырлайды ол мыңдаған жыл болашағын.
Мен өңгедей емеспін жалаң әнші,
Мен әншімін егінші, ұста, малшы.
Өндіргіш қол, тапқыш ми менде ғана,
Сондықтан бар табиғат маған жалшы.
Жолдас Май,
Ән ғана емес тартар сыйым,
Қаракөл жаға, жасыл барқыт киім,
Тіктім түзде,
Көрейін келісе ме,
Қане досым, сыйымды жамыл, киін!
Қырды қырқып, жолыңда тасты жарып,
Сен шөлдер деп далада қаздым арық.
Сұлу су, сылдыр қағып, Бетпақдала
Шөлін кезді,
Сусында, досым, барып!
Сусындап, шөлі қанған күлер дала,
Сұр кескіні құлпырып гүл-гүл жана,
Май досым, саған осы сыйларымды
Кемітер қаны қара дұшпан ғана.
Кел досым,
Кеуде кере шырқайық ән.
Шырқайық ән, шөлдерге шашайық дән.
Мейірі қансын, тойынсын, жадырасын,
Әнге, дәнге, бізді шын сүйетін маң.
Хош келдің!
Жансыздарға жан бер, тербет!
Өсімдік өзен, тоғай саған шөлдеп.
Сағынды,
Завод колхоз ішін кезіп,
Бұдан да өс, өркенде, көркей, ержет!
Мәңгі, жолдас Майым!
Сен жылда жас жігіт боп келген сайын,
Жер жібек, барқыт киіп,
Жасыл желек.
Бүркенеді үйеңкі, терек, қайың.
Басқаға қымбат, саған тегін, арзан,
Түрлі гүл: енжу, жақұт, лағыл, маржан
Үстіңде төгіледі, үкің бұлт,
Қалпағың күн.
Найзағай - қылыш - қазнаң.
Тұлғаң сұлу, денеңде қалың қайрат,
Бетіңде алма-қызыл қаның ойнап,
Кеудеңді кере жұтқан тұнық ауа
Таза, тұнық, жанға жәй балдай-қаймақ.
Суалтсаң бал сүтіңді бойың ие,
Сусындап бүкіл әлем талай жүйе,
Алмалар атқан таңдай ажарланып,
Жайнайды қызыл шоқтай піскен шие.
Кескінің, тұлғаң, тұрпат, сұлу сәнің
Ұнап бұлбұл шырқайды тәтті әнін.
Балық, бұқа, сәурік, қошқар, теке,
Кұрбақа...
Әнші еттің соның бәрін.
Солардан әлдеқайда әнім артық,
«Шығарсам ащы күйді түптен тартып.
Аққумен аспандағы ән қосамын»,
Желдей есіп, күлім көз күндей шалқып.
Бұлбұлдан өзгешелеу менің әнім,
Адам кешкен өткелдің шолып бәрін.
Желдей сырғып бүгінгі бөгеттерден,
Жырлайды ол мыңдаған жыл болашағын.
Мен өңгедей емеспін жалаң әнші,
Мен әншімін егінші, ұста, малшы.
Өндіргіш қол, тапқыш ми менде ғана,
Сондықтан бар табиғат маған жалшы.
Жолдас Май,
Ән ғана емес тартар сыйым,
Қаракөл жаға, жасыл барқыт киім,
Тіктім түзде,
Көрейін келісе ме,
Қане досым, сыйымды жамыл, киін!
Қырды қырқып, жолыңда тасты жарып,
Сен шөлдер деп далада қаздым арық.
Сұлу су, сылдыр қағып, Бетпақдала
Шөлін кезді,
Сусында, досым, барып!
Сусындап, шөлі қанған күлер дала,
Сұр кескіні құлпырып гүл-гүл жана,
Май досым, саған осы сыйларымды
Кемітер қаны қара дұшпан ғана.
Кел досым,
Кеуде кере шырқайық ән.
Шырқайық ән, шөлдерге шашайық дән.
Мейірі қансын, тойынсын, жадырасын,
Әнге, дәнге, бізді шын сүйетін маң.
Хош келдің!
Жансыздарға жан бер, тербет!
Өсімдік өзен, тоғай саған шөлдеп.
Сағынды,
Завод колхоз ішін кезіп,
Бұдан да өс, өркенде, көркей, ержет!
Қанаттары қырқылып, басып кесел,
Өзге таптық ақыны шабан, мешел.
Біздің таптың ақыны тасыған су,
Жәйілса су, шөлдерге гүлдер өсер.
Сөзім оқ, үнім найза -
Түйреп қасты,
Даусымды арпалысқан күрес ашты.
«Маркс», «Ленин» маркелі мәшинені
Көлік қып сан жорыққа болдым басшы.
Басымыздан кешіріп талай тар күн,
Алтыдан бірі біздің болдың шардың.
Бас командир Партия,-
Әскері - біз,
Жолы нұр, айқын керіп отыр алдын.
Се-Се-Се-Р-де барлық ұлт -
Бір-ақ полк.
Ақын, әскер, ұстаға ортақ жорық.
Жердің ұлы - біз,
Балға, орақ, мылтық
Өлеңмен де сақтаймыз жаудан қорып.
Өзге таптық ақыны шабан, мешел.
Біздің таптың ақыны тасыған су,
Жәйілса су, шөлдерге гүлдер өсер.
Сөзім оқ, үнім найза -
Түйреп қасты,
Даусымды арпалысқан күрес ашты.
«Маркс», «Ленин» маркелі мәшинені
Көлік қып сан жорыққа болдым басшы.
Басымыздан кешіріп талай тар күн,
Алтыдан бірі біздің болдың шардың.
Бас командир Партия,-
Әскері - біз,
Жолы нұр, айқын керіп отыр алдын.
Се-Се-Се-Р-де барлық ұлт -
Бір-ақ полк.
Ақын, әскер, ұстаға ортақ жорық.
Жердің ұлы - біз,
Балға, орақ, мылтық
Өлеңмен де сақтаймыз жаудан қорып.
Жолдас Май!
Мен бір кезде болдым бала,
Аз емізді табиғат сараң ана.
Бек, бай, молда, отаршыл
талай талап,
Денеме ауыр таңба -
Салды жара.
Мойынға қылғындыра түсті арқан...
Сол кезде Маркс пенен Ленин дарқан
Арқанды қиды. Дем ап,
Ауыр жүктен
Жаралы, жауыр болған босады арқам.
Күндей боп Октябрьдің шамы жанды,
Жолын керді, жұмысшы мылтық алды.
Сол мылтықтың күшімен қанды кешіп,
Жайнаған бақша құрды социалды.
Бөгеген қолды барлық жеңді жауды,
Сонан соң табиғатты жебей сауды.
Астын тесіп, кеудесін кесіп, асау
Үйреттік: Орал, Алтай, Алатауды.
Балтық пен Ақ теңізді алдық қосып,
Бетпақдала, Қарақұм шөлін жосып,
Колхозбен Днепрдей асаулардың
Бөгедік бұғалық сап, алдын тосып,
Үкім күшті,-
Советтің - болат жүзін,
Сілтегенде тіледі таудың құзын!
Электрдің жарығы түнді түрді,
Одағымда жарық жаз -
Социализм!
Мен бір кезде болдым бала,
Аз емізді табиғат сараң ана.
Бек, бай, молда, отаршыл
талай талап,
Денеме ауыр таңба -
Салды жара.
Мойынға қылғындыра түсті арқан...
Сол кезде Маркс пенен Ленин дарқан
Арқанды қиды. Дем ап,
Ауыр жүктен
Жаралы, жауыр болған босады арқам.
Күндей боп Октябрьдің шамы жанды,
Жолын керді, жұмысшы мылтық алды.
Сол мылтықтың күшімен қанды кешіп,
Жайнаған бақша құрды социалды.
Бөгеген қолды барлық жеңді жауды,
Сонан соң табиғатты жебей сауды.
Астын тесіп, кеудесін кесіп, асау
Үйреттік: Орал, Алтай, Алатауды.
Балтық пен Ақ теңізді алдық қосып,
Бетпақдала, Қарақұм шөлін жосып,
Колхозбен Днепрдей асаулардың
Бөгедік бұғалық сап, алдын тосып,
Үкім күшті,-
Советтің - болат жүзін,
Сілтегенде тіледі таудың құзын!
Электрдің жарығы түнді түрді,
Одағымда жарық жаз -
Социализм!
Жолдас Май! Күте тұра сені сыйлап,
Куана тұра, сенен қымбат сый ап,
Одақтың ойы-қыры сынға салып
Көреді барлық бойда күшін жинап.
Себебі, қоршап тұрған айнала жау,
Жау қолында жазылған темір тор, ау,
Се-Се-Се-Р-ді шырмамақ әлі келсе,
Үстеріне тендіре құлатпақ тау.
Жапонның ерік берсең Хаясина1,-
Орал менен Алтайдың аясына
Ие боп,
Отарланып салмақ пышақ
Сибирьдің семіз, тәтті жаясына.
Араки қолын созбақ одан да әрі,
Сімірген Кытайдағы қанның дәмі
Көрініп тәтті,
Солай сору үшін
«Бағынсын,- дейді,-
Шығыс түгел бәрі»
Карасаң Гитлердің планына,
Планының арамдық «ұранына»,
Одақты Орал жақтан бөліп алып,
Айналдырмақ капитал тұрағына.
Шекарада ой, қырды олар қазған,
Каруға лық-лық етіп толған азбар.
Тіршілікке керекті мыңдар тонна
Өлім үшін сақтаулы улы газдар.
Нелер мың самолеттер қанат қағып,
Су астында кемелер бейне балық...
Осылардың барлығын капитал сұм
Еңбекшіні қыруға жұмсауы анық.
Се-Се-Се-Р-ді етуіне бөлшек-бөлшек,
Ойласа жау,
Олармен күшті өлшеп
Кереміз бүгін,
Бізде де күзет мықты -
«Жауға жерден бермейміз
Жалғыз вершок!»
Куана тұра, сенен қымбат сый ап,
Одақтың ойы-қыры сынға салып
Көреді барлық бойда күшін жинап.
Себебі, қоршап тұрған айнала жау,
Жау қолында жазылған темір тор, ау,
Се-Се-Се-Р-ді шырмамақ әлі келсе,
Үстеріне тендіре құлатпақ тау.
Жапонның ерік берсең Хаясина1,-
Орал менен Алтайдың аясына
Ие боп,
Отарланып салмақ пышақ
Сибирьдің семіз, тәтті жаясына.
Араки қолын созбақ одан да әрі,
Сімірген Кытайдағы қанның дәмі
Көрініп тәтті,
Солай сору үшін
«Бағынсын,- дейді,-
Шығыс түгел бәрі»
Карасаң Гитлердің планына,
Планының арамдық «ұранына»,
Одақты Орал жақтан бөліп алып,
Айналдырмақ капитал тұрағына.
Шекарада ой, қырды олар қазған,
Каруға лық-лық етіп толған азбар.
Тіршілікке керекті мыңдар тонна
Өлім үшін сақтаулы улы газдар.
Нелер мың самолеттер қанат қағып,
Су астында кемелер бейне балық...
Осылардың барлығын капитал сұм
Еңбекшіні қыруға жұмсауы анық.
Се-Се-Се-Р-ді етуіне бөлшек-бөлшек,
Ойласа жау,
Олармен күшті өлшеп
Кереміз бүгін,
Бізде де күзет мықты -
«Жауға жерден бермейміз
Жалғыз вершок!»
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәбит мұқанов өлең Майға сәлем олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке