file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұмағали Саин (Днепрге қарады)

 Жұмағали Саин (Днепрге қарады)

Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.
Бұрқанды асау Днепр,
Толқынды беті шымырлап,
Секілді терең бейне өмір
Солдатқа бір сөз сыбырлап..,
Үзіліп солдат үн қатты
Сөзімнің тоқсан тілімен.
Минуттер өтті тым тәтті
Бара - бар ғашық сырымен...
Құшағын жаза, емірене,
Тақады суға маңдайын.
Балқыды мүлде ер дене,
Жібітті қатқан таңдайын.
Көтерді басын... көп тұрды
Дарияға түпсіз үңіліп.
Қызғаныш тартты бір түрлі,
Көңілі мыңға құбылып.
Тынымсыз соққан өмірдей,
Днепр суы зыр қақты.
Толқынмен көзге көрінбей,
Солдат ойы бірге ақты...
Ашулы беті жыбырлап,
«Ием» деді су - дағы.
Өзіне өзі сыбырлап,
«Сүйем» деді бұл - дағы.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру