file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұмағали Саин (Колхоз түні)

 Жұмағали Саин (Колхоз түні)

Жел де тынған, бір жым-жырт
Кен даланы ой басып.
Жер шеңберін жапты ымырт,
Теңіз көкпен жалғасып.
Кербез аспан шаттанды,
Бетін жұлдыз жасырып.
Көр деп мені мақтанды,
Көзге оттай басылып.
Егінді жер, әсем қыр
Түн сырымен жалғасты.
Көкте жұлдыз, жерде гүл
Бір-бірімен арбасты.
...Күзет. Қырман басында
Ән шырқады Балтабай.
Өзі сүйген жасында
Күзеткені көп бидай.
Құрдасым деп назданар
Ұйқыдағы бір жақтан,
Барқыт көрпе жаз қарар,
Жел сыбырлап қыр жақтан.
Күзетпенен күні өткен
Түнмен көптен бұл сырлас,
Өз өмірін күзеткен
Жүрегіндей бір тынбас.
Қырман басы тас қамал,
Кірпік қақпас Балтабай,
Ұшпас сабан жалғыз тал
Қыбырламас бір бидай.
Күлімдейді сиқырлы
Жеті жұлдыз жар таңдап.
Ыстық дүние бір түрлі
Кетсе зырлап ой шарлап...
Жайнар аспан бір мезгіл
Күлім қағып туар ай.
Туар айды төгіп жүр
Қарсы алады Балтабай.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру