Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)
Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Ұрыстан кейін өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Ұрыстан кейін