Көк шолақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

 Көк шолақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенім астымдағы көк шолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ шоп-шолақ-ты.
Ай, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.

Қайырмасы:
Жылдам жүрші, көк шолақ,
Шапшаң жүрші, көк шолақ,
Олай жүрші, көк шолақ,
Былай жүрші, көк шолақ,
Жамандатқыр, көк шолақ,
Арман қатқыр, көк шолақ,
Мені құртқан көк шолақ.

Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Ал,қыздар,кедейсінбей өлеңінді айт,
Қолдарың сенің маған жетпей жүрген.

Қайырмасы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру