Кенен Әзірбаев (Көкшолақ)

 Кенен Әзірбаев (Көкшолақ)

Мінгенім астымдағы Көкшолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.

Қайырмасы:
Жылдам жүрші, Көкшолақ,
Шапшаң жүрші, Көкшолақ.
Олай жүрші, Көкшолақ,
Былай жүрші, Көкшолақ.
Жамандатқыр, Көкшолақ,
Арам қатқыр, Көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,
Жанай жүрші, Көкшолақ,
Мені құртқан, Көкшолақ.

Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа құрбың келді құдашалап.

Қайырмасы.

Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.
Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Құрбыңның келіп отыр сүйкенгісі.

Қайырмасы.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру