Ахау, иғай, қоңыржай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау,
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,
Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Келсең, қалқам, дәм тартып
Кегеніме-ау,
Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Көмекейде бұлбұлдың ұясы бар-ау,
Қандырармын әнім мен өлеңіме-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау,
Жолдас болма, қалқажан, қайдағымен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Өз ауылы әркімнің Мысып шаһар-ау,
Болсын аман ауылың аймағымен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,
Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Келсең, қалқам, дәм тартып
Кегеніме-ау,
Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Көмекейде бұлбұлдың ұясы бар-ау,
Қандырармын әнім мен өлеңіме-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау,
Жолдас болма, қалқажан, қайдағымен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Өз ауылы әркімнің Мысып шаһар-ау,
Болсын аман ауылың аймағымен-ау.
Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Ахау иғай қоңыржай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ахау иғай қоңыржай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ахау иғай қоңыржай