Ілияс Жансүгіров (Жауын)
Көк шатырлап, жел қарпып,
Жайлар түсті жайнақтап.
Қап-қара сұр мұнартып,
Бұлт аспанда ойнақгап.
Қырыққан ешкі бүржектеп,
Күзеген түйе тайрақтап,
Боранды бұршақ шүмектеп,
Жер су болды тайғақтап.
Құздардан құйды күңіреніп,
Сай-саладан ылайтып,
Сұрғылтым бұлты түнеріп,
Моланы езді шұнайтып.
Жадыраған жазғы күн,
Қоштасты бізге «мұң» айтып.
Арық, әлсіз наз-мұңын,
Жылады, шырқап шын айтып.
Қараңғы перде қанаты
Аспанды шалып, жерді алды.
Меңіреу ұйқы қуаты
Ұйтты жеңіп, елді алды.
Қышқыл уайым, ащы сөз,
Бойдағы сіңген терді алды.
Болжаған түс болып кез,
Ел ұйқысын енді алды.
Жайлар түсті жайнақтап.
Қап-қара сұр мұнартып,
Бұлт аспанда ойнақгап.
Қырыққан ешкі бүржектеп,
Күзеген түйе тайрақтап,
Боранды бұршақ шүмектеп,
Жер су болды тайғақтап.
Құздардан құйды күңіреніп,
Сай-саладан ылайтып,
Сұрғылтым бұлты түнеріп,
Моланы езді шұнайтып.
Жадыраған жазғы күн,
Қоштасты бізге «мұң» айтып.
Арық, әлсіз наз-мұңын,
Жылады, шырқап шын айтып.
Қараңғы перде қанаты
Аспанды шалып, жерді алды.
Меңіреу ұйқы қуаты
Ұйтты жеңіп, елді алды.
Қышқыл уайым, ащы сөз,
Бойдағы сіңген терді алды.
Болжаған түс болып кез,
Ел ұйқысын енді алды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ілияс жансүгіров Жауын олен өлең өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать