Ілияс Жансүгіров (Тас)
Көгілдір, мөлдір көк аспан -
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу -
Жігіт-қыз айтса, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу -
Жігіт-қыз айтса, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ілияс жансүгіров Тас олен өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать