Ілияс Жансүгіров (Тұтқын)
Қараңғы, дымқыл қапаста,
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.
Қайғылы мендей жолдасым,
Қанатын жиып алды да:
Шоқыды қанды қалжасын,
Терезенің алдында.
Шоқиды ойып жемтікті,
Терезеге қадалды.
Ойласқандай менімен
Сарыла салды назарды.
Жер шенеп, көкті көксеген,
Есіркеп қырдың қыраны,
Назарымен шақырып,
Айтқандай болды мынаны:
— Біз еркін құс, күн жетті,
Бұлдырлап бұлтта ұшалық.
Жарысып желмен теңізде,
Асқардың төсін құшалық
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.
Қайғылы мендей жолдасым,
Қанатын жиып алды да:
Шоқыды қанды қалжасын,
Терезенің алдында.
Шоқиды ойып жемтікті,
Терезеге қадалды.
Ойласқандай менімен
Сарыла салды назарды.
Жер шенеп, көкті көксеген,
Есіркеп қырдың қыраны,
Назарымен шақырып,
Айтқандай болды мынаны:
— Біз еркін құс, күн жетті,
Бұлдырлап бұлтта ұшалық.
Жарысып желмен теңізде,
Асқардың төсін құшалық
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ілияс жансүгіров Тұтқын өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Тұтқын