Фариза Оңғарсынова (Әділдіктен бұлтару)
Берілме шындық іздеп қайғыға тым,
шындықтан айныр көсем, айныр ақын.
Жерде көп қамалдар мен иірімдер
адамды әділ жолдан тайдыратын.
Кім түспес пенделіктің қамалына,
бұғаулар естіні де, дананы да.
Тайдырар бала жайы әділдіктен
мықтыңды бой бермейтін шамалыға.
Естінің шаттығынан мұңы басым,
болмайды жақыны да, ұлы да шың.
Досыңның бір қатесін бүркеймін деп,
ақиқат соқпағынан бұрыласың.
Шамалы құдаңның да елде құны,
жетеді бір басына пенделігі:
шындықтан тағы аттайсың, отырғызып,
амалсыз жылы, жайлы жерге мұны.
Көсемсің, аяқ бассаң, той жан-жағың,
мән-жайды ойлап жатпас тойған қарын.
Арқырап әйеліңнің төркіндері
істетпей қоймас саған ойға алғанын.
Бұғауы пенделіктің – мұның бәрі,
әуелден жердегінің ұғымды әні.
Адамзат құрсауланған баяғыда-ақ,
сол заңға бағынышты ол бүгінде әлі
шындықтан айныр көсем, айныр ақын.
Жерде көп қамалдар мен иірімдер
адамды әділ жолдан тайдыратын.
Кім түспес пенделіктің қамалына,
бұғаулар естіні де, дананы да.
Тайдырар бала жайы әділдіктен
мықтыңды бой бермейтін шамалыға.
Естінің шаттығынан мұңы басым,
болмайды жақыны да, ұлы да шың.
Досыңның бір қатесін бүркеймін деп,
ақиқат соқпағынан бұрыласың.
Шамалы құдаңның да елде құны,
жетеді бір басына пенделігі:
шындықтан тағы аттайсың, отырғызып,
амалсыз жылы, жайлы жерге мұны.
Көсемсің, аяқ бассаң, той жан-жағың,
мән-жайды ойлап жатпас тойған қарын.
Арқырап әйеліңнің төркіндері
істетпей қоймас саған ойға алғанын.
Бұғауы пенделіктің – мұның бәрі,
әуелден жердегінің ұғымды әні.
Адамзат құрсауланған баяғыда-ақ,
сол заңға бағынышты ол бүгінде әлі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Әділдіктен бұлтару өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Әділдіктен бұлтару