Фариза Оңғарсынова (Жанарлардың жалтынан ұғысатын)
Жанарлардың жалтынан ұғысатын,
қол ұстасып өтуге тырысатын.
Ой-арманның барлығын бөлісетін,
күн өткенде сағынып көрісетін;
тек екеуіміз жүріп-ақ шаттанатын,
көңілдерді бүкпесіз ақтаратын.
Қол ұстасып таңдарды қарсы алатын,
дүниені думан қып ән салатын,
бір қайғыға өртеніп жыласатын,
ақтарылып оңаша сыр ашатын;
күрсінумен бітер деп ойламаған
(ештеңені ұқпайды тойған адам),
отты күндер. Кейде мен ойға қалам:
мүлдем жат қой қасірет, ойлар оған.
Құлай сеніп, алдансаң - азап, тегі,
сосын кешіре алмасаң наз-өкпені...
Күрсіністік. Қимадық. Кешірмедік.
Мүмкін бұл да біз үшін қажет пе еді...
қол ұстасып өтуге тырысатын.
Ой-арманның барлығын бөлісетін,
күн өткенде сағынып көрісетін;
тек екеуіміз жүріп-ақ шаттанатын,
көңілдерді бүкпесіз ақтаратын.
Қол ұстасып таңдарды қарсы алатын,
дүниені думан қып ән салатын,
бір қайғыға өртеніп жыласатын,
ақтарылып оңаша сыр ашатын;
күрсінумен бітер деп ойламаған
(ештеңені ұқпайды тойған адам),
отты күндер. Кейде мен ойға қалам:
мүлдем жат қой қасірет, ойлар оған.
Құлай сеніп, алдансаң - азап, тегі,
сосын кешіре алмасаң наз-өкпені...
Күрсіністік. Қимадық. Кешірмедік.
Мүмкін бұл да біз үшін қажет пе еді...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Жанарлардың жалтынан ұғысатын өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Жанарлардың жалтынан ұғысатын