Фариза Оңғарсынова (Мен онымен қай кезде көрісемін)
Мен онымен қай кезде көрісемін?
Қашан?
Қашан?
Айтшы сен соны, сенім?
Мен қашанғы аңсаумен аласұрып,
жүрегімді, миымды таң асырып,
тарта берем күтудің мұңды азабын,
тағдыр қашан қояды бұл мазағын?
Көрмей, құшпай, қашанғы сенделемін,
естілсеші сен жақтан бір ғажап үн
Қашанғы енді мен сені ұмытпаймын,
қашанғы іште жатады ұлып қайғым?
Қашан, қашан ұшады сағым болып
жүрегіме ілінген құлыптай мұң?
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын,
қашан, қашан басылар бұл құмарым,
ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп,
қандай емнен жазылар жынды жаным?
Неге осы мен өзгеден басқарақпын,
неге жұртқа шат жерде - жасқа баттым?
Басқалардай неге мен елтімеймін
самалына, көркіне бақша-бақтың?
Жерік әйел секілді есім ауып,
неге саған осы мен ашқарақпын?
Басым дал-дал. Білмеймін
немен, қалай тынарын бұл күндерім,
қалай қуам көңілдің бұлтын, желін;
немен басам, білмеймін, жанымдағы
мизам күнгі найзағай күркілдерін...
Жанар - найза, ішім - от, қол дәрменсіз,
жауға алдырған батырдай жұртын, жерін.
Келем көзсіз дауылда арпалысып,
саған жетіп құлауым мүмкін менің.
Қашан?
Қашан?
Айтшы сен соны, сенім?
Мен қашанғы аңсаумен аласұрып,
жүрегімді, миымды таң асырып,
тарта берем күтудің мұңды азабын,
тағдыр қашан қояды бұл мазағын?
Көрмей, құшпай, қашанғы сенделемін,
естілсеші сен жақтан бір ғажап үн
Қашанғы енді мен сені ұмытпаймын,
қашанғы іште жатады ұлып қайғым?
Қашан, қашан ұшады сағым болып
жүрегіме ілінген құлыптай мұң?
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын,
қашан, қашан басылар бұл құмарым,
ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп,
қандай емнен жазылар жынды жаным?
Неге осы мен өзгеден басқарақпын,
неге жұртқа шат жерде - жасқа баттым?
Басқалардай неге мен елтімеймін
самалына, көркіне бақша-бақтың?
Жерік әйел секілді есім ауып,
неге саған осы мен ашқарақпын?
Басым дал-дал. Білмеймін
немен, қалай тынарын бұл күндерім,
қалай қуам көңілдің бұлтын, желін;
немен басам, білмеймін, жанымдағы
мизам күнгі найзағай күркілдерін...
Жанар - найза, ішім - от, қол дәрменсіз,
жауға алдырған батырдай жұртын, жерін.
Келем көзсіз дауылда арпалысып,
саған жетіп құлауым мүмкін менің.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Мен онымен қай кезде көрісемін өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Мен онымен қай кезде көрісемін