Мұхтар Шаханов (Жігіттің екі сипаты)
Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,
Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер
Кіп-кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,
Аяңдар,
Өйткені оның,
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,
Тұлпарынан ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!
Ер адам от-жігерін
Намысына жаниды жылағанда
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,
Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер
Кіп-кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,
Аяңдар,
Өйткені оның,
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,
Тұлпарынан ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!
Ер адам от-жігерін
Намысына жаниды жылағанда
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Жігіттің екі сипаты өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Жігіттің екі сипаты