Күләш Ахметова (Түнде)
Төмен қарай түн төсімен құлапты,
Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.
Беймезгілде жауған жаңбыр астында
Қарағайдың бұтақтары жылап тұр.
Көрінбейді арғымақтың шашасы,
Аяғыңды сәл абайлап басасың.
Ауа – дымқыл, аспан бұлтпен тұтасқан,
Қорқынышты ағаштардың тасасы.
Жылылық пен жарық қазір өнімсіз,
Көре алмайсыз күндізгінің көбін сіз.
Үсті су-су жапырақтар жабырқау,
Күзде жауған түнгі жаңбыр көңілсіз
Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.
Беймезгілде жауған жаңбыр астында
Қарағайдың бұтақтары жылап тұр.
Көрінбейді арғымақтың шашасы,
Аяғыңды сәл абайлап басасың.
Ауа – дымқыл, аспан бұлтпен тұтасқан,
Қорқынышты ағаштардың тасасы.
Жылылық пен жарық қазір өнімсіз,
Көре алмайсыз күндізгінің көбін сіз.
Үсті су-су жапырақтар жабырқау,
Күзде жауған түнгі жаңбыр көңілсіз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: күләш ахметова Түнде өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Түнде