Күләш Ахметова (Қала экологиясы)

Өзгерісті байқармыз талай әлі,
Басы болған нәрсенің бар аяғы.
Түнде жауған аппақ қар
Алматыда
Түске дейін түтінмен қараяды.
Сұрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,
Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.
Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,
Ақ жем болды қос қолым судан шықпай.
Болу қиын қалада шын ханшайым,
Қанып ішпей газдағы құмған шайын.
Газ бен бензин иісінен безер болам,
Терезенің пердесін жуған сайын.
Жыртқан сайын календарь парақтарын,
Жұқарғандай жүйке мен тағат тағы.
Асфальт жапқан аулаға қарап тұрам,
Пәтерімнен бесінші қабаттағы.
Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,
Сұлулықпен суреттен жолығысып...
Құс секілді құс та жоқ,
жетім торғай
Балкондарда жүреді қонып-ұшып.
Жетім торғай жабығып ұшар одан.
Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.
Күннің көзі кірбиіп көрінеді,
Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан
Басы болған нәрсенің бар аяғы.
Түнде жауған аппақ қар
Алматыда
Түске дейін түтінмен қараяды.
Сұрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,
Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.
Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,
Ақ жем болды қос қолым судан шықпай.
Болу қиын қалада шын ханшайым,
Қанып ішпей газдағы құмған шайын.
Газ бен бензин иісінен безер болам,
Терезенің пердесін жуған сайын.
Жыртқан сайын календарь парақтарын,
Жұқарғандай жүйке мен тағат тағы.
Асфальт жапқан аулаға қарап тұрам,
Пәтерімнен бесінші қабаттағы.
Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,
Сұлулықпен суреттен жолығысып...
Құс секілді құс та жоқ,
жетім торғай
Балкондарда жүреді қонып-ұшып.
Жетім торғай жабығып ұшар одан.
Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.
Күннің көзі кірбиіп көрінеді,
Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: күлаш ахметова Қала экологиясы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Қала экологиясы